Accessibility links

Түркістанда өз-өзін өртеген жігіт ауруханада жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркістанда өзін-өзі өртеген 20 жастағы студент ауруханаға түсті деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің (ОҚО ІІД) баспасөз қызметі.

ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың Азаттыққа айтуынша, Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына суыт хабар 7 желтоқсанда түнде ауруханадан жеткен. Полицияның айтуынша, алдын ала тексеру барысында қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын студенттің өз-өзін өз үйінде өртегені анықталған. Жігіттің денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Қаракөзованың сөзінше, зардап шеккен жігіт қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қазір полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG