Accessibility links

Көтерілісшілер Хомстан кете бастады


Сириядағы азаматтық соғыстан қираған Хомс қаласының көрінісі.
Сириядағы азаматтық соғыстан қираған Хомс қаласының көрінісі.

Хомстан көтерілісшлер кете бастады

Сирия үкіметімен өткен аптада жасалған келісімге сәйкес, сириялық көтерілісшілер бүгін Хомс қаласы маңындағы әл-Ваир аймағынан кете бастады. Енді қала толықтай үкімет әскерінің бақылауына өтпек. Хомстан кеткендер әлі де көтерілісшілер бақылауында тұрған Идлиб провинциясына орналасады. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметіне қарағанда, көтерілісшілер мінген алғашқы автобус аймақтан шығып кеткен.

Сирияның орталығындағы Хомс – бір кездері «төңкеріс ошағы» аталған әрі 2011 жылы президент Башар Асадқа қарсы алғашқы наразылықтар басталған қала.

Бүгін көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындарды қоса есептегенде барлығы 800-ге тарта адам қаладан кетуі тиіс.

БҰҰ арағайындығымен жасалған келісім бойынша Хомсқа соңғы бір жылда алғаш рет гуманитарлық көмек берілді.

Екі жылдан астам уақыт үздік-создық жүрген келіссөз арқылы жасалған бітімнің алғашқы кезеңі бойынша жүздеген көтерілісші, оның ішінде «Әл-Қаидамен» байланысы бар жасақтар да, Хомстың айналасындағы басып алған жерлерін босатады. Бітімді қабылдаған «ұстамды көтерілісшілерге» жататын топтар әзірге әл-Ваирде қала тұрады.

Келісім жасалар алдында Сирия билігі Хомста қамауда ұстап отырған оппозицияшыл 35 көтерілісшіні босатқанын хабарлаған.

Елдегі үлкендігі жағынан үшінші қала және ұзақ уақыт географиялық, стратегиялық және экономикалық маңызды орталық саналған Хомста Сирияда азаматтық соғыс басталғанға дейін бір жарым миллион адам тұрған.

XS
SM
MD
LG