Accessibility links

Мәмбеталин мен Нарымбаевтың сотын бастай алмай жатыр


Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев (оң жақта) Алмалы аудандық сотында. Алматы, 9 желтоқсан 2015 жыл.
Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев (оң жақта) Алмалы аудандық сотында. Алматы, 9 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстанда «ұлтаралық араздықты қоздырды» деп айыпталған азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталиннің ісі бойынша Алматының Алмалы аудандық сотына келгендердің залға сыймауы себепті сот процесі бастала алмай жатыр деп хабарлайды сот залынан Азаттық тілшісі.

Сот залына айыпталушылардың кейбір туыстары мен журналистерді – шамамен 20 адамды кіргізді. Тағы ондаған белсенді сот дәлізінде қалып, өздерін сот процесін бақылауға мүмкіндік беруді талап етіп тұр. Сот залына кіре алмағандар арасында Ермек Нарымбаевтың азаматтық некедегі әйелі Зоя Нарымбаева да бар.

Істі қарайтын судья Марал Жарылғасова залдан шығып кетті. Сот приставы қазір барынша көп адам сиятын басқа орын іздестіріліп жатқанын айтты.

Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлин Facebook әлеуметтік желісінде авторы Мұрат Телібеков делінген баспадан шықпаған кітаптың үзінділерін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

XS
SM
MD
LG