Accessibility links

ГКЧП-ға қарсы шыққан бас редактор өмірден өтті


Нұрмұхан Оразбеков - 1991 жылы ГКЧП-ны төңкеріс деп бағалаған "Орталық Қазақстан" газетінің бұрынғы бас редакторы.
Нұрмұхан Оразбеков - 1991 жылы ГКЧП-ны төңкеріс деп бағалаған "Орталық Қазақстан" газетінің бұрынғы бас редакторы.

Алматыда 78 жасқа қараған шағында қазақстандық белгілі журналист әрі баспагер Нұрмахан Оразбеков өмірден өтті деп хабарлады жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.

1991 жылы 20 тамызда Қарағанды облыстық компартия комитеті мен облыстық депутаттар кеңесінің органы – «Орталық Қазақстан» газетінің бірінші бетінде «Иә, бұл – төңкеріс» деген тақырыппен, СССР-де төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет (ГКЧП) құрылғанын айыптаған мақала шыққан еді. Оның авторы – газеттің бас редакторы Нұрмахан Оразбеков жазылған мақала үшін жауапкершілікті жеке өз мойнына алатынын мәлімдеген. Ал Қазақстандағы бірен-саран тәуелсіз газеттерден өзге басылымдар тек ГКЧП бүлігі сәтсіздікке ұшыраған соң ғана төңкерісті айыптаған мақалалар басқан.

Нұрмахан Оразбеков Қазақ мемлекеттік универститетінің журналистика факультетін бітірген. Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында газеттерде, республикалық «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, Қазақ ақпарат агенттігінде, «Ақиқат» журналында еңбек етті. Кейін «Қазақстан» баспасының директоры қызметін атқарды.

XS
SM
MD
LG