Accessibility links

Путин: Украина қарызын төлей алмаса сотқа береміз


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин қаржы министрлігіне егер Украина Ресейге қарыз үш миллиард АҚШ долларын төлей алмай дефолт болса, сотқа жүгінуге тапсырма берді.

«Істі сотқа тапсырыңдар» деді Путин қаржы министрі Антон Силуановқа 9 желтоқсанда өткен үкімет отырысында.

«Егер Ресей Украинаны сотқа беретін болса, біз сотта онымен күресуге дайынбыз», - деп мәлімдеген Путиннің сөзіне жауап ретінде Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Халықаралық валюта қоры сәрсенбі күні бұған дейінгі саясатын өзгертіп, басқа мемлекеттерге қарызын уақытында төлей алмаған елдерге несие бере беруге рұқсат еткен. Енді ХВҚ Украинаға бұл ел Ресейден 2013 жылы қарашада алған үш миллиард доллар еуробондты төлей алмаса да қаржылай көмек көрсете алады.

Өткен айда Мәскеу Киевке төлеу мерзімі 20 желтоқсанда аяқталатын қарызын қайта құрылымдап, төлемді үш жыл мерзімге дейін ұзартуды ұсынған. Украина қарызын басқа да кредиторлармен бұған дейін жасасқан келісімінің талаптары бойынша қайта құрылымдағысы келеді. Киевтің басқа кредиторлармен жасасқан келісімінде қарыздың негізгі бөлігі кешірілген.

XS
SM
MD
LG