Accessibility links

Иранда "доңыз тұмауынан" 36 адам өлген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Иранда елдің оңтүстік-шығысынан тараған «доңыз тұмауынан» қайтыс болғандар саны артып барады. Иран денсаулық сақтау вице-министрі Али Акбар Сайари телеарнаға берген сұхбатында, бұл індеттен 36 адам көз жұмғанын, қауіпті вирус Керманшах пен Шығыс Әзербайжан провинцияларына таралуы мүмкін екенін ескерткен.

Осы аптаның басында вице-министр елдің шығысындағы Керман провинциясында 28 адам, Пәкістан және Ауғанстанмен шекарадағы Систан-Белуджистан провинциясында бес адам қайтыс болғанын хабарлаған. Керман провинциясынан сайланған депутат қайтыс болғандар саны 40 адамға жетеді деп мәлімдеген. Оның сөзінше, бұл аймақта кемінде 750 адам «доңыз тұмауы» індетіне шалдыққан.

IRNA мемлекеттік агенттігі Фарс провинциясында 24 адам, солтүстіктегі Мазандаран провинциясында төрт адам «доңыз тұмауын» жұқтырғанын хабарлады. H1N1 вирусынан пайда болатын бұл аса қауіпті індет алғаш Мексикада байқалып, кейін бүкіл әлемге тараған.

XS
SM
MD
LG