Accessibility links

Солтүстік Корея сутегі бомбасын жасағанын мәлімдеді


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея сутегі бомбасын жасады деп мәлімдеді осы елдің президенті Ким Чен Ын. Бұл туралы бүгін солтүстік кореялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап Оңтүстік Кореяның Yonhap News агенттігі хабарлады.

«Солтүстік Корея егемендігі мен ұлттық бірлігін сенімді қорғауы үшін өзі жасаған сутегі және атом бомбасын қолдана алатын қуатты ядролық державаға айналды» деген Ким Чен Ын. Пхеньян Солтүстік Кореяның сутегі бомбасына ие екенін ресми түрде бірінші рет мәлімдеп тұр.

Оңтүстік кореялық ғалымның Yonhap News агенттігіне берген пікіріне қарағанда, Пхеньянда әзірше мұндай қару жаңадан жасалып жатыр.

Солтүстік Корея 2005 жылы өзін ядролық держава деп жариялаған. 2006, 2009 және 2013 жылдары Солтүстік Корея жерастында ядролық сынақ жасап, халықаралық қауымдастықтың қатаң қарсылығын тудырған. Пхеньян 2012 жылы ғарыштық зымыранды сынағанын хабарлаған соң Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея Солтүстік Корея шын мәнінде құрлықаралық баллистикалық зымыран сынаған болуы мүмкін деген қауіп білдірген еді.

XS
SM
MD
LG