Accessibility links

Өзбекстанда бұрынғы саяси тұтқын паспорт ала алмай жүр


21 жыл түрмеде отырып шыққан саяси тұтқын Мурод Жораев (сол жақта) пен құқық қорғаушы Васила Иноятова. Сурет Васила Иноятованың Facebook парақшасынан алынды.
21 жыл түрмеде отырып шыққан саяси тұтқын Мурод Жораев (сол жақта) пен құқық қорғаушы Васила Иноятова. Сурет Васила Иноятованың Facebook парақшасынан алынды.

Өзбекстан билігі бұрынғы саяси тұтқын, өткен айда түрмеден бостандыққа шыққан Мурод Жураевқа төлқұжат бермей отыр деп хабарлады Франциядағы «Орталық Азиядағы адам құқығы» ассоциациясына сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі.

63 жастағы Мурод Жураевқа өзі тұрып жатқан Мубарек қаласында төлқұжат бермей жатқанын оның туыстары да растаған. Азаттықтың Өзбек қызметі Жураевтың өзімен сөйлесе алмаған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, түрмеден босатылар алдында билік Жураевқа журналистермен сөйлеспеу туралы шарт қойған.

«Орталық Азиядағы адам құқығы» ассоциациясының жетекшісі Надежда Атаева бұрынғы саяси тұтқын түрмеде туберкулез жұқтырғанын және бүйрегі ауырып шыққанын хабарлап, оны дереу емдеу қажеттігін айтады. Бірақ төлқұжаты жоқтықтан ол емделе алмай отыр. «Мурод Жураев еркін жүріп-тұру құқығынан айырылғандықтан оның медициналық көмек алуы қиындаған» дейді құқыққорғаушы.

1994 жылы өзбек билігі оппозицияшыл саясаткер Мурод Жураевты «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айыппен 12 жылға соттаған. Кейін оның жазасы төрт рет ұзартылып, нәтижесінде ол 20 жыл түрмеде отырды. Жураев түрмеден өткен айда, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Өзбекстанға ресми сапармен келіп кеткен соң босатылған.

XS
SM
MD
LG