Accessibility links

Грузия: Ресей әуе кеңістігімізді бұзды


Грузия мен оның жікшіл Оңтүстік Осетия аймағы арасындағы шекара сызығы. (Көрнекі сурет.)
Грузия мен оның жікшіл Оңтүстік Осетия аймағы арасындағы шекара сызығы. (Көрнекі сурет.)

Грузия билігі ресейлік әскери тікұшақ елдің әуе кеңістігін бұзғаны туралы мәлімдеді. Грузия қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Ми-8 тікұшағы Грузияның өзін-өзі «тәуелсіз» деп жариялап алған жікшіл аймағы – Оңтүстік Осетиядағы «оккупация сызығын» кесіп өтіп, бірнеше минуттан соң бағытын өзгерткен. Тбилиси бұл оқиғаны «аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін арандатушылық әрекет» деп атады.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл айыптауды жоққа шығарып, «соңғы тәулікте ресейлік әскери ұшақтар Грузия территориясы үстінен ұшқан жоқ» деп мәлімдеді.

Грузия билігі Оңтүстік Осетия мен Абхазиямен әкімшілік шекарасын «оккупациялық сызық» деп атайды. Ресей 2008 жылы тамызда Грузиямен бес күнге жалғасқан әскери қақтығыстан соң бұл территорияларды «тәуелсіз» деп таныған. Қазір Ресей ол аймақтарда өз әскерін ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG