Accessibility links

Ықпалды исламшыл топ Сирия келіссөзінен бас тартты


Дамаск маңындағы көтерілісшілер бақылауында тұрған аймақтың бомбалауға ұшырағаннан кейінгі көрінісі. Сирия, 8 желтоқсан 2015 жыл.
Дамаск маңындағы көтерілісшілер бақылауында тұрған аймақтың бомбалауға ұшырағаннан кейінгі көрінісі. Сирия, 8 желтоқсан 2015 жыл.

Сирия оппозициясының президент Башар Асадпен бейбіт келіссөз жүргізер қарсаңда Сириядағы ықпалды «Ахрар әл-Шам» исламшыл тобы біртұтас блок құру туралы келіссөзден бас тартты.

Сауд Арабиясы астанасында өткен екі күндік конференцияға бірінші рет көтерілісші топтардың көпшілігі жиналған. Жиынға «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар «Нусра майданы» тобы мен сириялық күрдтер шақырылған жоқ.

Келіссөз қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемеде демократиялық азаматтық қоғам құруға және өтпелі кезеңнің басында Асадты биліктен кетіруге, билік институттарын сақтауға шақырған үндеулер бар.

«Ахрар әл-Шам» тобы жаңа жетекшілер ұсынған блок құрамымен келіспей, блокқа барлық революцияшыл фракциялар кіргізілмегеніне наразылық танытты.

XS
SM
MD
LG