Accessibility links

Ердоған: Ирактан әскерімізді әкету жоспарда жоқ


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара Ирактың солтүстігінен әскерін әкетуді ойластырып жатпағанын мәлімдеді.

«Әскерді әкету мәселесі қазір күн тәртібінде жоқ» деген Ердоған журналистерге.

Кеше АҚШ вице-президенті Джо Байден Түркия мен Ирак арасындағы шиеленісті бәсеңсіту мақсатында Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглумен телефонмен сөйлескен.

Ақ үйдің хабарлауынша, Байден мен Давутоглу «Ирактың егемендігін құрметтей отырып әрі «Ислам мемлекеті» ұйымымен күрес шараларын толық үйлестіру арқылы соңғы болып жатқан шиеленістерді бәсеңсіту жайын талқылаған».

Түркия 2014 жылдан бері Мосул қаласы маңында Ирак үкіметі әскерін дайындықтан өткізу миссиясы аясында әскер ұстайды. Бірақ өткен аптада Мосулға түркиялық қосымша күш жеткізілуіне Бағдад наразылық білдірген. Ердоған түрік сарбаздары «әскери операцияға қатыспайтынын» мәлімдеген. Ол бұған қоса 21 желтоқсанда Түркия, АҚШ пен Ирактың жартылай автономиялы Күрдістан аймағы басшылары арасында үшжақты кездесу өткізуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG