Accessibility links

Бішкекте үкімет күштері екі күдіктінің көзін жойған


Бішкектегі күдікті терроршыларды ұстауға қатысты арнайы операцияның бірі. 14 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Бішкектегі күдікті терроршыларды ұстауға қатысты арнайы операцияның бірі. 14 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстанда жұмаға қараған түні Шу облысы мен Бішкек маңында террорлық шабуылдар ұйымдастырмақ болды деген күдікке ілінген екі адамның көзі жойылды деп хабарлады Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 11 желтоқсанға қараған түні Бішкектің Шығыс-5 шағын ауданында халықаралық террорлық ұйымның мүшесі болуы мүмкін деген күдікке ілінген топқа қарсы операция жүргізілген. Қауіпсіздік күштері күдікті екі адамды ұстамақ болған кезде олар «қарсылық көрсеткендіктен көзін жойғанын» айтады.

Арнайы шара барысында қауіпсіздік күштерінің бір қызметкері жараланған.

Ресми хабарламада мерт болған күдіктілерден төрт «Макаров» тапаншасы, гранаталар, қолдан жасалған жарылғыш заттар табылғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG