Accessibility links

Мәскеуде пикетке шыққан ондаған белсенді ұсталды


Наразылық акциясында ұсталған ресейлік белсенділер Мәскеудің Тверь аудандық полиция бөлімшесінде отыр. 12 желтоқсан 2015 жыл.
Наразылық акциясында ұсталған ресейлік белсенділер Мәскеудің Тверь аудандық полиция бөлімшесінде отыр. 12 желтоқсан 2015 жыл.

Мәскеудің Пушкин алаңында бүгін Ресей конституциясы күніне орай жалғыз адамдық пикетке шыққан бірнеше адамды полиция ұстаған. Ұсталғандардың арасында «Индем» қолданбалы саяси зерттеулер қорының президенті профессор Георгий Сатаров, «Яблоко» партиясының лидері Сергей Митрохин, осы партия жетекшілігінің өкілі Антон Антонов-Овсеенко бар.

Бұған дейін Мәскеу билігі оппозицияның қалада желтоқсанның 12-і күні «Өзгеріс шеруін» («Марш перемен») өткізуіне рұқсат бермеген. Бірақ ұйымдастырушылар мэрияның жазбаша жауабында шеру өткізу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы ашық жазбағанын мәлімдеген еді. Белсенділер бүгін жалғыз адамдық пикетке шығуды ұйғарған.

12 желтоқсан 1993 жылы Ресей федерациясы конституциясы қабылданған еді. Бұрын мемлекеттік мереке саналып келген бұл күн 2004 жылдан бері күнтізбедегі жай даталардың біріне айналған.

XS
SM
MD
LG