Accessibility links

Киев: Шығыс Украинада тыйым салынған қару жүр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украина билігі елдің шығысындағы Алчевск, Первомайск және Донецк маңында бұған дейін Минскіде жасалған бітім туралы келісім бойынша қолдануға тыйым салынған қару түрлері: танкілер, дүркіндете ататын реактивті зымыран жүйелері мен калибрі 100 миллиметрден асатын артиллериялық қару-жарақ байқалғаны туралы хабарлаған.

Украина қорғаныс министрлігінің барлау бас басқармасы бұл туралы тиісті ақпарат Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы мониторинг миссиясына жолданғанын хабарлады.

«Украинская правда» басылымы әскери барлау басқармасына сілтеме жасап, ресейлік әскери бөлімшелер ЕҚЫҰ бақылаушыларына украиналық тараптың Минск келісімін бұзып отырғанының «айғағы» ретінде көрсету үшін «мина, снарядтар жарылған бұрынғы орындарда қайта жарылыс жасаумен» айналысып жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG