Байқоңырдан бүгін таңертең ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ғарышқа ұшырылды деп хабарлайды КазТАГ.
Айлақтан Астана уақыты бойынша 6:17 кезінде ұшырылған зымыран «Протон-М» ресейлік әскери мақсаттағы «Космос» сериялы жасанды жер серігін орбитаға шығармақ. Бұл жер серігі радиотехникалық және оптикалық-электрондық барлау-бақылау ғарыш аппараттарынан үлкен көлемдегі сандық ақпараттарды жер бетіне орналасқан ақпарат қабылдау орындарына жеткізуге арналған деп хабарланды.
Бұған дейін «Протон-М» зымыранын ұшыру әуелі 1 желтоқсанға белгіленіп, сонан соң 10 желтоқсанға ауыстырылған еді. Алайда кейін ұшу мерзімі тағы кейінге ысырылғаны туралы ақпарат тараған.