Accessibility links

Сауд Арабиясында 19 әйел жергілікті кеңестерге сайлануы мүмкін


Сауд Арабиясындағы жергілікті кеңеске сайлауға үміткер әйелдердің бірі.
Сауд Арабиясындағы жергілікті кеңеске сайлауға үміткер әйелдердің бірі.

Сауд Арабиясында жергілікті органдарға сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, кемінде 19 әйел жеңіске жеткен. Сауд Арабиясында әйелдерге сайлауға түсуге және дауыс беруге бірінші рет рұқсат етілген сайлау алғаш өтіп отыр. Елдің бас сайлау комиссиясының өкілі Хамад әл-Омардың мәліметі бойынша, жеңіске жеткен әйелдер елдің әр түрлі 10 аймағы - ірі қалалардан, Мекке маңындағы шағын аудандардан сайлауға түскен.

Дауыс беруге сайлау құқығы бар 1,35 миллион ер адамның 600 мыңдайы қатысқан. Сайлау құқығы берілген 130 мыңдай әйелдің 82 пайызы (106 мың) дауыс беруге қатысқан. Болжам бойынша, тек санаулы әйел жергілікті кеңестерге сайлана алғанымен, мұның өзі бұрын әйелдері дауыс беру және сайлауға түсу құқығынан айырылған Сауд Арабиясы үшін үлкен жетістік болғалы отыр.

XS
SM
MD
LG