Accessibility links

Пәкістанда базарда жарылыстан 24 адам қаза тапты


Парачинар қаласындағы жарылыстан қаза тапқан адамды әкетіп барады. Пәкістан, 13 желтоқсан 2015 жыл.
Парачинар қаласындағы жарылыстан қаза тапқан адамды әкетіп барады. Пәкістан, 13 желтоқсан 2015 жыл.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Ауғанстанмен шекаралас Парачинар қаласында 13 желтоқсанда базарда болған жарылыстан 24 адам қаза тауып, 70-тен астам адам жараланды. Шабуылға жауапкершілікті идеологиясы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен ұқсас "Лашкар-е Джангви" тобы мойнына алды.

Парачинар - негізінен көшпелі тайпалар тұратын Куррам аймағының басты қаласы. Соңғы жылдары мұнда қарулы экстремистер арасында және сүнниттер мен шииттер арасында қақтығыстар жиі болып, салдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Пәкістан әскерилері аймақта экстремистердің көзін жойып, дінаралық алауыздықты бәсеңсіту үшін жиі операциялар жүргізеді.

XS
SM
MD
LG