Accessibility links

Халықаралық валюта қоры басшысы сотқа тартылмақ


ХВҚ басшысы Кристин Лагард (сол жақта) пен француз магнаты Бернард Тапи.
ХВҚ басшысы Кристин Лагард (сол жақта) пен француз магнаты Бернард Тапи.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард француз магнаты Бернар Тапидың ісіне қатысты салақтық танытты деген айыппен сотта жауап беретін болды. Лагард Франция қаржы министрі болып тұрғанында Тапиге бюджеттен қомақты өтемақы төленуіне байланысты сотқа тартылмақ.

2008 жылы сот Adidas компаниясын Credit Lyonnais банкіне сатуға байланысты Тапиге 400 миллион еуродан астам өтемақы төлеуге шешім шығарған. Желтоқсанның басында магнат өтемақыны кері қайтаруға міндеттелген.

Лагардқа ресми түрде айып тағылған соң ХВҚ басшылығы оған толық қолдау көрсететінін білдірді. Өкілетті мерзімі келесі жылы шілдеде аяқталатын Лагард өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, шағымдану ниеті барын мәлімдеген. Франция қаржы министрі Мишель Сапен қылмыстық іс Лагардтың лауазымды қызметін атқаруына кедергі келтірмейді дейді.

XS
SM
MD
LG