Accessibility links

Мәмбеталин мен Нарымбаевты қолдау акциясы өтіп жатыр


Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты қолдау акциясы. Алматы, 18 желтоқсан 2015 жыл.
Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты қолдау акциясы. Алматы, 18 желтоқсан 2015 жыл.

Алматыда азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың соты өтетін Алмалы аудандық соты алдында бір топ азаматтық белсенді оларды босатуды талап етіп акция өткізіп жатыр. Акцияға қатысушылар қолдарына Мәмбеталин мен Нарымбаевтың суреті басылған плакаттар ұстап тұр. Мәмбеталин мен Нарымбаевқа "ұлтаралық алауыздықты қоздырды" деген айып тағылған.

Акция өтіп жатқан жерге орналастырылған баннерде "174 тоқтатылсын" деген жазу бар. Бұл белсенділердің қылмыстық кодекстегі "әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру" туралы 174-бапқа қарсылығын білдіреді. Олардың пікірінше, бұл бап конституцияға сай келмейді.

Серікжан Мәмбетәлин мен Ермек Нарымбаев «авторы Қазақстан мұсылмандары одағының жетекшісі Мұрат Телібеков» деп болжанған кітаптың үзінділерін Facebook әлеуметтік желісінде жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Мәмбетәлин мен Нарымбаевты биыл қазанда пәтерлерінде тінту жүргізіп, компьютерлері мен ұялы телефондарын тәркілегеннен кейін тұтқындаған. Белсенділер тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG