Accessibility links

Ермек Нарымбаев сотта судьяға қарсылық білдірді


Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 18 желтоқсан 2015 жыл.
Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 18 желтоқсан 2015 жыл.

Алматыда бүгін "алауыздық тудырды" деп айыпталған азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың ісі бойынша сот отырысы Нарымбаевтың Алмалы аудандық сотының судьясы Марал Жарылғасоваға қарсылық білдіруімен басталды. Бұдан соң судья сотты үзіп, сот залынан шығып кетті. Сотқа қатысып отырғандар Жарылғасованың орнына басқа судья келуін күтіп отыр.

Өткен аптада сот сотталушылардың бірнеше өтінішін қанағаттандырмай, тек белсенділердің туыстарын сотқа қоғамдық қорғаушы ретінде қатыстыруға ғана рұқсат еткен.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" делінетін кітаптың үзідісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

XS
SM
MD
LG