Accessibility links

Грузия Шота Руставелидің 850 жылдығын кең көлемде атап өтпек


Грузин ақыны Шота Руставелиге Ташкент қаласында қойылған ескерткіш.
Грузин ақыны Шота Руставелиге Ташкент қаласында қойылған ескерткіш.

Грузияда Шота Руставелидің 850 жылдық мерейтойына арналған шараларды ұйымдастыру үшін мемлекеттік комиссия құрылды деп хабарлайды Азаттықтың Грузин қызметі.

Шота Руставели – 12-ғасырда өмір сүрген әйгілі грузин ақыны, «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты эпикалық дастанның авторы.

Сонымен бірге 2016 жылы Грузия ел тәуелсіздігінің қалпына келтірілгеніне 25 жыл толуын да атап өтпек. Грузияда мамырдың 26-сы күні – тәуелсіздік күні болып белгіленген. 1918 жылы дәл осы күні Грузияның демократиялық үкіметі ел тәуелсіздігін жариялаған болатын. Алғашқы тәуелсіз Грузия мемлекеті 1921 жылғы наурызға дейін ғана өмір сүріп, одан кейін елде совет билігі орнаған еді.

1991 жылы 31 наурызда Грузияда өткен референдумға қатысқан азаматтардың 99 пайызға жуығы ел тәуелсіздігін қалпына келтіруді жақтап дауыс берген соң, сол жылы 9 сәуірде Грузия парламенті тәуелсіздік туралы шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG