Accessibility links

«Жұлдызды соғыстар-7» фильмінің кассалық түсімі рекорд жаңартты


«Жұлдызды соғыстар» фильмінде ойнаған америкалық актер Харрисон Форд. Калифорния, АҚШ, 14 желтоқсан 2015 жыл.
«Жұлдызды соғыстар» фильмінде ойнаған америкалық актер Харрисон Форд. Калифорния, АҚШ, 14 желтоқсан 2015 жыл.

Америкалық танымал фильмнің «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» атты жаңа, жетінші бөлімі кассалық түсімі бойынша рекорд жаңартты.

Желтоқсанның 16-сы күні прокатқа шыққан фильм осы кезге дейін 250 миллион доллар жинап, бұған дейін «Ежелгі дәуір саябағы» фильмі орнатқан рекордтан (208,8 миллион доллар) асып түскен.

Жаңа фильмде осының алдындағы «Джедайдың оралуы» атты алтыншы бөлімде баяндалған оқиғадан шамамен 30 жылдан кейінгі жағдай суреттеледі.

Режиссер Джеффри Джейкоб Абрамстың «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмінің премьерасы Алматы мен Астанада 17 желтоқсанда өткен. Қазақстандық көрерменге бұл фильм алғаш рет қазақ тілінде ұсынылды.

XS
SM
MD
LG