Accessibility links

Қытайда көшкін салдарынан ондаған адам хабарсыз кетті


Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы ғимараттар. (Көрнекі сурет.)
Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы ғимараттар. (Көрнекі сурет.)

Қытайдың оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласында көлемді көшкін жүріп, 22 ғимаратты бүлдірген. Апат салдарынан 40 адам хабарсыз кеткен. Билік орындарының хабарлауынша, ғимарат қирандысы астынан жеті адам құтқарылған. Апат болған жерге бір жарым мыңнан аса құтқарушы апарылған.

Көшкін жүрер алдында 900-дей адам қауіпті жерден шығарылған деп хабарланды. Жергілікті биліктің айтуынша, көшкін салдарынан көрші орналасқан жанармай станциясында жарылыс болған.

Билік орындары көшкін аумағы 20 мың шаршы метр жерді басып қалғанын айтады.

Өткен айда Чжэцзян провинциясында көшкін салдарынан 27 үй құлап, 38 адам опат болған еді.

XS
SM
MD
LG