Орыс православие шіркеуінің басшысы, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапаттады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Патриарх Назарбаевты Мәскеуде кездескенінде марапаттаған.
Назарбаев кездесуде Қазақстанда негізгі діндер ислам мен православие екенін және Қазақстан барлық діни конфессияларға құрметпен қарағанын айтқан. Назарбаев Орыс православие шіркеуінің Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға үлес қосқанынн айтып, Қазақстанның конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясатын "жоғары бағалағанына" алғыс білдірген.