Accessibility links

Әзербайжан валютасын еркін айналымға жіберді


Әзербайжан валютасы - манат. (Көрнекі сурет).
Әзербайжан валютасы - манат. (Көрнекі сурет).

Әзербайжан Орталық банкі бүгін ұлттық валютасы манатты еркін айналымға жіберді деп Азаттықтың Әзербайжан редакциясы. Манат құны бір АҚШ доллары 1,049-дан 1,55 манатқа дейін арзандады.

Орталық банк манатты еркін айналымға Әзербайжан экономикасын "бәсекеге қабілетті ету үшін" жібергенін айтады. "Бұл шешім бойынша, манат бағамы негізінен валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасын айқындайтын факторларға сай түзіледі" дейді орталық банк.

Банк хабарламасында әлемде мұнай бағасының арзандауы манат бағамы мен валюта нарығына қысымды күшейткені айтылады. Хабарламада бұған қоса ұлттық экономиканың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігіне бірқатар әріптес елдердің ұлттық валютасының құнсыздануы да кері әсерін тигізгені айтылған.

Биыл ақпанда Әзербайжанда манат бір сәтте құлдыраған.

XS
SM
MD
LG