Accessibility links

Байқоңырдан "Прогресс МС-01" кемесі ұшырылды


Байқоңырдан ұшырылған "Союз ТМА-19М" зымыран тасығышы. 15 желтоқсан 2015 жыл.
Байқоңырдан ұшырылған "Союз ТМА-19М" зымыран тасығышы. 15 желтоқсан 2015 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін Ресейдің "Союз" зымыран тасығышымен "Прогресс МС-01" жүк таситын ғарыш кемесі ұшырылды. Астана уақыты бойынша сағат 14:44-те ұшырылған кеме Халықаралық ғарыш станциясына екі тоннадан астам жүк, оның ішінде отын, су мен газ жеткізеді.

Ресейдің ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, жүк кемесі зымыран тасығыштың үшінші басқышынан ажырап, Халықаралық ғарыш станциясына баратын жолға түскен. Жоспар бойынша жүк кемесі станциямен 23 желтоқсанда түйіседі.

XS
SM
MD
LG