Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ-тың алты сарбазы опат болды


Баграмдағы АҚШ әскери әуе базасы. Ауғанстан. (Көрнекі сурет).
Баграмдағы АҚШ әскери әуе базасы. Ауғанстан. (Көрнекі сурет).

АҚШ қорғаныс министрлігі мәліметінше, Ауғанстандағы Баграм әуе базасы ауданында жанкешті жарылып жасап, америкалық алты әскери қаза тапты. 21 желтоқсанда болған бұл жарылыстан үш адам жараланған.

Мотоцикл жарылған маңды әскерилер қарауылдап жүрген. Расталмаған мәлімет бойынша, бір ауған әскери қызметкері жараланған.

Пентагон мен Ақ үй қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көңіл айтып, АҚШ ауған халқы мен үкіметіне көмек көрсету міндетінен айнымайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG