Accessibility links

"Открытая Россия" қызметкерлерінің үйін тінтіп жатыр


ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский.
ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский.

Ресей тергеу комитетінің өкілдері бүгін таңертеңнен бері "Открытая Россия" ұйымының қызметкерлері мен ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковскийдің баспасөз хатшысының пәтерлерін тінтіп жатыр. Бұл туралы "Открытая Россия" газетінің сайтында хабарланды.

Тергеу комитетінің өкілдері тінту Михаил Ходорковскийдің ісі бойынша жүргізіліп жатқанын айтқан.

11 желтоқсанда Ходорковскийге сырттай Нефтеюганск мэрі Владимир Петуховқа қастандық ұйымдастырды деген айып тағылған.

Ресейлік құқық қорғаушы Павел Чиковтың айтуынша, тергеу амалдары ұйымның жеті қызметкерінде жүргізіліп жатыр. "Тінту хаттамасында 2003 жылғы "Апатит" компаниясына мүлік түрінде зардап келтірілгені және сот шешімін орындамау туралы қылмыстық іс көрсетілген" деп жазды Чиков Facebook-те.

Тінту туралы Twitter-де ПАРНАС партиясының Санкт-Петербургтегі бөлімінің жетекшісі әрі "Открытая Россия" ұйымының Санкт-Петербургтегі үйлестірушісі Ольга Грязневич те жазды.

XS
SM
MD
LG