Accessibility links

Ирак әскері Рамадиге шабуылдады


Рамадиге баратын жолдағы Ирак әскери техникалары.
Рамадиге баратын жолдағы Ирак әскери техникалары.

Ирак әскері "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының бақылауынан толық қайтарып алу үшін Рамади қаласының орталығына шабуылдады.

Ирак терроризммен күрес бөлімдері өкілі Сабах әл-Нуманидің 22 желтоқсанда хабарлауынша, Ирак күштері Рамадидің орталығында үкімет ғимараттары орналасқан кешенге жылжып барады. Ол бұған қоса кешенге жақын ауданда да ұрыс жүріп жатқанын айтты. Әл-Нумани шабуылға Ирак әскери-әуе күштері де қатысып жатқанын айтты.

Бағдадтан батысқа қарай 100 километр қашықтықтағы Рамадиді қайтарып алу операциясы өткен айдың басында басталған. Мұның алдында бірнеше ай қаламен байланыстыратын барлық тасымал жолдарын кесу үшін ұрыс жүрген.

Биыл мамыр айында ИМ содырларының Анбар провинциясының астанасы Рамади қаласын алуы Ирак үкіметіне ауыр тиген.

Ирак барлау қызметі Рамадидің орталығына бекінген ИМ содырларының саны 250-300 адамды құрайды дейді.

XS
SM
MD
LG