Accessibility links

Түркия Ресейдің Идлибке "шабуылын" айыптады


Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу.
Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Сирияның Идлиб қаласына Ресей әуе шабуылын жасады деп мәлімдеп, бұл әрекетті айыптады. Ол "Сирия территориясын өзіне қосып алу Мәскеудің империалистік жоспарының бір бөлшегі бола алмайды" деген.

Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың сөзінше, 20 желтоқсан күні көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб қаласының орталығына жасалған әуе шабуылынан ондаған адам мерт болған. Қаладағы базар, бірнеше үкіметтік мекеме мен тұрғын үйге бомба түскен. Мәскеу Идлибке Ресей әуе күштерінің шабуылдағанын жоққа шығарған.

Давутоглу Ресей әуе шабуылдарын бастағаннан бері "ұстамды оппозициялық көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын", "көтерілісшілер ықпалы жойылған аудандарда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) позициясын күшейгенін" айтты. Түркия Сирияда қақтығыс басталғалы президент Башар Асад билігін құлатуға шақырып келеді және Ресейдің аймақтағы әрекеттерін жиі сынайды. Парламенттегі басқарушы фракция алдында сөйлеген Давутоглу Түркия Мосул қаласы азат етілмейінше Иракқа әскери көмек көрсете беретінін де хабарлады.

XS
SM
MD
LG