Accessibility links

Алматыда құрылысшылар жалақыларын тағы талап етті


Алматыдағы құрылыс нысандарының бірі. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы құрылыс нысандарының бірі. (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгін "Жер Олжа" құрылыс компаниясының 30 шақты жұмысшысы жалақыларын уақытында беруді талап етіп, наразылық танытты.

Өзін құрылысшылар бригадирімін деп таныстырған Рыскелді Ашмановтың Азаттыққа айтуынша, жұмысшылар қазан және қараша айының жалақысын әлі алмаған. Жалақыларын талап етіп барған жұмысшыларды компания кеңсесіне кіргізбеді.

- Менің бригадамда 20 шақты жұмысшы бар. Біз құрылыс орындарында жинау, тазалау жұмыстарын атқарамыз. Бригадамдағы әр жұмысшы айына 90 мың теңге жалақы алады. Біз жұмысты келісім бойынша айдың 15-сі күні аяқтап, сол күні жалақымызды алуымыз керек. Біз жұмысты 15 желтоқсанда аяқтағанбыз. Жалақы сол кезде түсуі тиіс еді, әлі жоқ. Қазан-қараша айының жалақысын алған жоқпыз. Компания жалақыны желтоқсанның соңында береміз дейді, деді Ашманов Азаттыққа.

Наразы бригадирлердің айтуына қарағанда, олардың әр қайсысының қол астында 15-20 жұмысшы істейді. Олар компания әр бригадаға 1 миллион теңгеге дейін қарыз дейді.

Компанияның қаржы мәселелері жөніндегі директоры Олеся Хромова Азаттыққа компания табель бойынша жалақыны 29 желтоқсанда беретінін айтады.

- Бұлар жұмысшылар. Біз мердігерлермен ғана жұмыс істейміз. Бұл жұмысшыларды танымаймын. Бізге мердігерлердің өздері келуі керек. Ал жұмысшыларға жалақы 29 желтоқсанда толық беріледі. Бірақ біз жұмысшыларға қазан айының жалақысын төлегенбіз, - деді Хромова.

"Жер Олжа" компаниясының 20 шақты жұмысшысы бұған дейін де, қараша айында жалақыларын талап етіп наразылық танытқан.

XS
SM
MD
LG