Accessibility links

Атамбаев: ЕАЭО-ға кіргеніміз "дұрыс" болған


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев баспасөз конференциясы кезінде. Бішкек, 24 желтоқсан 2015 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев баспасөз конференциясы кезінде. Бішкек, 24 желтоқсан 2015 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін Бішкекте елдің Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіруі "дұрыс шешім болғанын" мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Бішкекте өткен баспасөз конференциясында Атамбаев Қырғызстан ЕАЭО-ға кірмеген жағдайда "оқшауланып қалуы мүмкін" екенін айтты.

"Бірақ өмір біздің дұрыс жолды таңдағанымызды көрсетті. Бізді одаққа өзіміздің талаптарымызды ескеріп қабылдады. Бұл - біз үшін үлкен пайда. Біз жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі ондаған есе жоғары елдер тобына кірдік. Бұл бізді автоматты түрде алға ілгерілеп, сауатты түрде бәсекеге түсуге, жаңа технологияларды қолдануға итермелейді" деді Атамбаев. Оның пікірінше, Қырғызстан ЕАЭО-ға кірмегенде ендігі "экономикалық блокадада қалуы" мүмкін еді.

Қырғызстан президенті бұған қоса елде конституциялық реформалар жасауға шақырып, онсыз 2017 жылы президент сайлауы "бүліншілікке" әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтты.

Қырғызстан Ресей бастаған ЕАЭО-ға биыл 12 тамызда қосылған. Одаққа Ресейден өзге Қазақстан, Беларусь және Армения мүше.

XS
SM
MD
LG