Байқоңыр ғарыш айлағынан "Экспресс-АМУ1" телекоммуникациялық ғарыш аппаратын тіркеген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшты.
25 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 3:31-де ұшқаннан 10 минуттан соң ғарыш аппараты мен оған тіркелген "Бриз-М" үдеткіш аппараты зымыранның үшінші бөлігінен ажырап, орбитаға шыққан.
Зымыран ұшыру әуелде 24 желтоқсанға жоспарланған. Бірақ ауа-райының нашар болуына байланысты ол кейінге қалған.
Биыл мамырда Байқоңырдан мексикалық MexSat-1 спутнигін алып ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышы апатқа ұшырап, кейін бұл зымырандарды ұшыру уақытша тоқтатылған.