Тәжікстанда президентке "ұлт көшбасшысы" атағын беретін заң қабылданды. Азаттықтың Тәжік редакциясының қабылдауынша, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бүгін "Ұлт көшбасшысы - бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы туралы" заңына қол қойған. Заң жобасын парламент 18 желтоқсанда мақұлдаған.
16 баптан тұратын заң жобасында «бейбітшілік пен ұлт бірлігінің негізін қалаушы», «ұлт көшбасшысы» ұғымдарына түсінік беріліп, «ұлт көшбасшысының» құзыреті, оның жеке басына қол сұғылмау құқығы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әлеуметтік кепілдік беру, орден мен мемлекеттік сыйлық тағайындау ережелері бекітілген.
Парламенттың төменгі палатасы - Маджлис намояндагон спикері Шукурджон Зухуров бұған дейін Рахмонды "тәжік халқы үшін көп нәрсе жасаған батыр" деп атаған. Ол бұл «тарихи» заң жобасы елдегі демократиялық процестерге «қайшы келмейтінін» мәлімдеген.
Маджлис намояндагонның мемлекеттік құрылым және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Абдурахим Холикзоданың айтуынша, бұл заң «халықты біріктіріп, Эмомали Рахмонның сіңірген еңбегін мойындау» үшін қабылданған.