Accessibility links

ҰҚК төрағасы ауысты


Нұртай Әбіқаев ҰҚК төрағасы кезінде. Алматы, 3 қаңтар 2013 жыл.
Нұртай Әбіқаев ҰҚК төрағасы кезінде. Алматы, 3 қаңтар 2013 жыл.

Қазақстан президенті әкімшілігінің Twitter-парақшасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Нұртай Әбіқаевтың орнына Владимир Жұмаханов тағайындалғанын хабарлады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "30 жылдан бергі" серіктерінің бірі Нұртай Әбіқаевтың бұл қызметтен кету себебі ретінде оның "зейнет жасына жетіп, басқа жұмысқа ауысуын" айтты. Ақорданың баспасөз қызметі Нұртай Әбіқаевтың сенат депутаты болып тағайындалғанын хабарлады.

Бұған дейін сенат төрағасы, сыртқы істер министрінің орынбасары, Ресейдегі елші қызметтерін атқарған Әбіқаев екі рет ҰҚК төрағасы болған. 1999 жылы Солтүстік Кореяға әскери ұшақты заңсыз сату дауына байланысты қызметтен кеткен ол бұл қызметке 2010 жылы қайта оралған.

Нұртай Әбіқаевтың орнына тағайындалған генерал-лейтенант Владимир Жұмаханов бұған дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG