Accessibility links

БҰҰ: Сирия келіссөзі 25 қаңтарда басталуы мүмкін


БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура. Мәскеу, 4 қараша 2015 жыл.
БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура. Мәскеу, 4 қараша 2015 жыл.

Сириядағы қарулы жанжалға қатысушы тараптар арасындағы келіссөз 25 қаңтарда басталуы ықтимал деп мәлімдеді сенбі күні БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура.

Жұма күні Сирияда президент Башар Асад режиміне қарсы күресіп жатқан сириялық ірі көтерілісшілер тобының лидері Захран Аллуш пен тағы бірнеше жетекшінің Дамаск төңірегінде әуе шабуылынан қаза тапқаны туралы хабар тараған. Осыдан соң «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы содырларының отбасы мүшелерін ИМ бақылауындағы Ракка қаласы мен өзге аудандарға эвакуациялау шарасы тоқтап қалған. Оларды көшіру жұмыстары БҰҰ қолдау танытқан бейбіт жоспар бойынша басталған болатын.

Сирияда азаматтық соғыс оты тұтанған 2011 жылдан бері ширек миллионнан көп адам қаза тауып, төрт миллионнан аса адам босқынға айналған.

Сирия мен Ирактағы аласапыранды пайдаланған ИМ экстремистік тобы осы елдердің ауқымды бөлігін басып алып, ол жерлерде халифат құратынын жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG