Accessibility links

Донбаста қақтығыстан екі адам қаза тапқан


Донбастағы украин әскерилері.
Донбастағы украин әскерилері.

Украина әскерилерінің хабарлауынша, 27 желтоқсан күні Украина шығысында украин әскерилері мен сепаратистер арасындағы қақтығыстан бір украин сарбазы мен бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) украин әскерилерінің бақылауындағы Мариуполь портында бақылаушыларына оқ атылғанын мәлімдеді.

Украин әскері қолбасшылығының өкілі Александр Мотузанюк журналистерге Донецкіден 55 километр қашықтықтағы Зайцево елді мекені маңында сепаратистер әскери бөлімдерді жеңіл қарудан, гранатомет пен автоматтардан атқылағаны хабарлады. Шабуылға танк те араласқан. Мотузанюктің сөзінше, соңғы бір тәулікте бір сарбаз қаза тауып, үшеуі жараланған. Екі тарап та бірін-бірі мереке кезінде оқ атпау туралы келісімді бұзды деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG