Accessibility links

Үкімет жекешелендіру жоспарын бекітті


Қазақстан үкіметінің жиыны. Астана, 18 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет).
Қазақстан үкіметінің жиыны. Астана, 18 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын мақұлдады. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкімет сағатында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.

Жекешелендіруге ұсынылған нысандар тізімінде республика меншігіндегі 65 компания, оның ішінде "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек", "Қазагро" компаниялары бар. "Самұрық-Қазынаға" кіретін 173 еншілес және бағынышты мекеме тізімінен бөлек, бәсекелестік ортаға берілетін, мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде жұмыс істейтін нысандар тізімі де жасалған.

Биыл қазан айында Қазақстан билігі дағдарысқа қарсы шара ретінде жекешелендіру науқанын жүргізетінін жариялаған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев күзде әлемде мұнай бағасы арзандап, бюджет түсімі азайып жатқан тұста билік "барынша тиімді басқаруға" көшуі тиіс деп, ол үшін жекешелдіру жүргізілетінін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG