Accessibility links

Ермек Нарымбаев судьяға қарсылық білдірді


Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев (сол жақта) пен Серікжан Мәмбеталин сотта тұр. Алматы, 28 желтоқсан 2015 жыл.
Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев (сол жақта) пен Серікжан Мәмбеталин сотта тұр. Алматы, 28 желтоқсан 2015 жыл.

Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың сотын қарап жатқан Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы Марал Жарылғасоваға бүгін тағы қарсылық білдірді.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, Ермек Нарымбаев әкесі Ерсайын Нарымбаевты сотқа өзінің екінші қоғамдық қорғаушысы ретінде қатыстыруды сұраған. Айыптаушы жақ сотта Нарымбаевтың құқығы сақталып отырғанын, оның құқығын адвокаты мен ағасы Арман Нарымбаев (қоғамдық қорғаушы ретінде) қорғап жатқанын айтып, өтінішке қарсылық білдірді. Бұдан соң Ермек Нарымбаев судьяға қарсылық білдірді. Бірақ Жарылғасова сотталушының судьяға қарсылық танытуға берілген мүмкіндіктері таусылғанын айтты.

Бұдан кейін Ермек Нарымбаевтың қоғамдық қорғаушысы ретінде Арман Нарымбаев судьяға қарсылық білдіріп, Марал Жарылғасова сот кеңесетін бөлмеге шығып кетті.

Мәмбеталин мен Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" деген кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Белсенділер қазан айында үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін ұсталып, содан бері қамауда отыр. Мәмбеталин мен Нарымбаев өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG