Accessibility links

Алматы әуежайында ауа-райынан рейстер бөгелді


Алматы әуежайында тұрған ұшақ. (Көрнекі сурет).
Алматы әуежайында тұрған ұшақ. (Көрнекі сурет).

Алматы әуежайында ауа-райының нашарлауынан оннан астам рейс бөгелді.

Әуежай ақпаратына қарағанда, Үрімжі, Пекин, Қарағанды, Ташкент, Қостанай, Ақтаудан келетін рейстер мен Астанадан келетін үш рейс кешігіп жатыр. Франкфрутқа ұшатын рейс тоқтатылған. Алматыдан Қарағанды, Үрімжі, Ақтау және Астанаға ұшатын рейстер де кешігуде.

Бүгін таңертең Астана әуежайында да жолдың нашар көрінуі мен бораннан 17 рейс бөгелген. Бөгелген рейстердің көпшілігі - ішкі рейстер.

XS
SM
MD
LG