2016 жылы Байқоңырдан жиырма шақты ғарыш кемесін ұшыру жоспарланып отыр деп хабарлады ғарыш айлағындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Агенттік дерегінше, 2016 жылы Байқоңырдан 10 "Союз" зымыран тасығышы мен сегіз "Протон" зымыран тасығышы ұшырылады. Олардың үшеуі Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізетін кемені алып ұшады. "Бұл - бұған дейінгі жылдардағы жоспардан аз. Соңғы он жылда Байқоңырдан жылына 30 шақты ұшырылым жоспарланып, оның 20-25 шамалысы ұшырылып келген" деген агенттік дереккөзі.
1957 жылдан бері Байқоңырдан 1450-ге жуық ғарыш кемесі ұшырылған.