Accessibility links

ИМ Дербенттегі шабуылды мойнына алды


Дербенттегі Нарын-Кала қамалы. Дағыстан.
Дербенттегі Нарын-Кала қамалы. Дағыстан.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы Ресейдің Дағыстан өлкесіндегі Дербент қаласына жасалған шабуылдың жауапкершілігін мойнына алды. Ол қалада сәрсенбі күні түнде Нарын-Кала қамалында жүрген адамдарға оқ атылған еді. Радикал ұйым шабуыл ресейлік сарбаздарға жасалғанын, олардың бірі оққа ұшқанын айтады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Дербенттегі оқиғадан бір адам мерт болып, 11 адам жараланған. ТАСС дерегінше, орман жақтан автоматты қарумен атқылаған адамдар туристерді көздеген. Дағыстанның террорға қарсы ұлттық штабы Сулейман Стальский ауданында арнайы операция режимі жарияланғанын хабарлады.

Ресейдің Сириядағы әскери операциясына наразы болған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Египетте апатқа ұшырап, 224 адамы қаза тапқан ресейлік ұшақтың жауапкершілігін де мойнына алған.

XS
SM
MD
LG