Accessibility links

Ресей: БАҚ-тағы шетелдік үлес жайлы заң өзгерісі күшіне енді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде жаңа жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға шетелдік үлеске қатысты енгізілген өзгерістер күшіне енді. Заң өзгертулеріне сәйкес, шет мемлекеттердің, шетелдік заңды немесе жеке тұлғалардың, сонымен бірге, шетелдік қатысушылары бар халықаралық ұйымдардың ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары капиталындағы активтерінің үлесі 20 пайыздан аспауы шарт.

2014 жылы қыркүйекте Ресей мемлекеттік думасы қабылдап, сол жылы қазанда ел президенті Владимир Путин қол қойған бұл заң өзгерістерінің күші БАҚ лицензиясы жоқ жобалар немесе халықаралық келісімдер аясында құрылғандардан басқа барлық медиа құралдарына бірдей қолданылады. Медиакомпаниялар ақпанның 1-іне дейін «Роскомнадзорға» өз құрылымдарының меншік иелігі туралы мәлімет тапсыруға міндетті.

Осы кезге дейін Ресейде БАҚ-тағы шетелдік меншік үлесі 50 пайыздан аспауы тиіс деген заң шектеуі қолданылып келген және ол тек радио мен телевидениеге ғана қатысты еді.

XS
SM
MD
LG