Accessibility links

Кабулдағы шабуылдан кемінде екі адам мерт болған


Жарылыс болған жерде жүрген полиция өкілдері. Кабул, Ауғанстан, 1 қаңтар 2016 жыл.
Жарылыс болған жерде жүрген полиция өкілдері. Кабул, Ауғанстан, 1 қаңтар 2016 жыл.

Ауғанстан астанасының орталығында жұма күні кешкісін француз мейрамханасы маңында болған жарылыс салдарынан, кейбір мәліметтер бойынша, кемінде екі адам қаза тауып, он бір адам жараланған. Жарылысты мина орнатылған автокөлік мінген жанкешті жасағаны туралы ақпарат тарады.

Бұл шабуылдан үш күн бұрын елдің оңтүстігіндегі ірі әскери нысандардың бірі – Кандагар қаласындағы әуежайды «Талибан» содырлары бір тәуліктен астам уақыт бойы қоршауда ұстаған еді. Ол шабуылға денелеріне жарылғыш зат байлап алған кемінде 10 жанкешті қатысқан деп хабарланды. Кандагардағы оқиға барысында 54 адам қаза болған, оның 39-ы – бейбіт тұрғындар.

Пәкістанның «Трибюн» басылымының жазуынша, өткен аптада Кабулға сапармен барған Пәкістан қарулы күштері бас штабының бастығы ауған билігі өкілдерімен кездесуде «Талибан» қозғалысымен бейбіт келіссөздер бастау мәселесін талқылаған. Газет ресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, тараптар бейбіт бітім туралы алдын ала келіссөздерді 11 қаңтарда бастауға уағдаласқан.

XS
SM
MD
LG