Accessibility links

Үндістанда әуе базасына шабуыл жасаған төртеу өлген


Атыстан бүлінген ғимарат ішінде тұрған үндістандық полиция қызметкері. Пенджаб, Үндістан, 27 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Атыстан бүлінген ғимарат ішінде тұрған үндістандық полиция қызметкері. Пенджаб, Үндістан, 27 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Үндістанның солтүстігінде Пенджаб штатындағы Патханкот әуе базасына шабуылдаған төрт адам және үндістандық екі әскери қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланған. Бұл туралы Үндістан басылымдары хабарлаған.

Бұл шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ.

France Press агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап, шабуыл жасағандардың Пәкістандағы «Джаиш-и-Мухаммад» тобына қатысы барын хабарлаған.

Бұл оқиғадан бірер күн бұрын Пәкістанның Лахор қаласында Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф кездескен еді.

Бұған дейін биыл жазда Пенджаб штатында қарулы содырлар полиция бекетін басып алып, бірнеше сағат бойы қолда ұстаған еді. Кейін арнайы шабуыл барысында олардың бәрі өлген. Ол кезде үнді билік орындары содырлар ел аумағына Пәкістан территориясынан өтіп келген деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG