Accessibility links

Хакерлер тобы интернетте экстремизмге қарсы күресетінін айтты


Британдық ВВС компаниясының Лондондағы орталық кеңсесі. (Көрнекі сурет.)
Британдық ВВС компаниясының Лондондағы орталық кеңсесі. (Көрнекі сурет.)

Өздерін New World Hacking (Жаңа әлем хакерлері) деп атайтын хакерлік топ 2015 жылы желтоқсанның 31-і күні британдық ВВС компаниясы сайтына жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алды.

Олар сайтқа шабуылды «өз мүмкіндіктерін тексеріп көру үшін» жасағанын айтады. ВВС-дің хабарлауынша, бұл топ «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымымен байланысы барлардың интернеттегі белсенділігін анықтаумен айналысады. Хакерлердің сөзінше, олар ғаламторды экстремистер мен оларды жақтаушылардан тазартуды көздейді. Хакерлер өкілі өз қатарларында 12 хакер – сегіз ер және төрт әйел барын, бұл топ 2012 жылдан бері әрекет етіп келе жатқанын айтқан.

ВВС компаниясы баспасөз қызметі хакерлердің бұл айтқандарына, сонымен бірге компания сайттарына сырт жақтан шабуыл жасалып, жұмысына кедергі келтіргені жайлы кез-келген мәлімдемелерге байланысты ешқандай комментарий жасамайтынын мәлімдеген.

Жаңа, 2016 жыл қарсаңында интернет қолданушылар ВВС компаниясы сайттары, сондай-ақ iPlayer сервисі бірнеше сағат бойы ашылмай қалғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG