Accessibility links

Сауд Арабиясы Иранмен елшілік қатынасын үзеді


Сауд Арабиясы елшілігіне келген наразылар. Тегеран, Иран, 2 қаңтар 2016 жыл.

Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қатынасын үзетінін мәлімдеді. Бұл туралы шешімді Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр жариялады. Оның сөзінше, елдегі Иран дипломаттарының барлығы 48 сағаттың ішінде Сауд Арабиясы аумағынан шығып кетуі тиіс.

Қаңтардың 2-і күні Сауд Арабиясында шииттер азшылығының өкілі, шейх Нимр әл-Нимрге өлім жазасы орындалғаны жарияланған соң, Тегеранда ашулы топ Сауд Арабиясы елшілігін шабуылдаған еді. Наразылар елшілікке тас лақтырып, ғимаратқа от қоюға әрекет жасаған.

Нимр әл-Нимрдің қазасы Эр-Рияд пен Тегеран арасындағы онсыз да күрделі жағдайды одан ары ушықтырып жіберді. Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи шейх әл-Нимрді өлтіргендерге «Алланың жазасы болады» деп мәлімдеген.

Таяу Шығыстағы бақталас мемлекеттер – сүннит патша әулеті басқаратын Сауд Арабиясы мен билік басында шииттер отырған Иран аймақтағы Йемен, Бахрейн, Ирак және Сирия сияқты елдерге өз ықпалдарын жүргізгісі келеді.

AzattyqTV

AzatNews 18.01.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:05 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG