Accessibility links

ИМ Ұлыбританияға сес көрсетті


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының мүшелері. (Көрнекі сурет.)
"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының мүшелері. (Көрнекі сурет.)

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы жаңа мәлімдемесінде Ұлыбританияға сес көрсетті.

ИМ интернетте таратқан видеода тұтқын бес адамның АҚШ бастаған халықаралық коалиция пайдасына тыңшылық жасағандарын айтады. Содырлар тұтқындарды Түркияға ИМ қозғалысы туралы бейнежазбалар және фотосуреттер берген деп айыптайды. Видеодағы келесі көріністе қызғылт-сары комбинезон киген әлгі тұтқындардың бетперде киген содырлар алдында тізерлеп отырған сәті бейнеленген. Содырлардың бірі бұл «ИМ күш-қуатына қарсы шыққан болмашы жетекші» Дэвид Кэмеронға (Ұлыбритания премьері) жолдау деп мәлімдейді.

Экстремистер сайттарына мониторинг жүргізетін SITE тобының ақпараты бойынша, видеодағы тұтқындар – ИМ тобы халифат астанасы деп жариялаған Ракка қаласында (Сирия) қолға түскендер. Олардың аты-жөндері әзірше белгісіз.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі ИМ видеосынан хабардар екенін және қазір оны зерттеп жатқанын мәлімдеді.

Ирактағы экстремистерге қарсы халықаралық коалиция құрамында әуе операцияларына қатысып жатқан британ әскери ұшақтары былтыр желтоқсан айында Сириядағы ИМ позицияларына әуеден соққы беруді бастаған.

XS
SM
MD
LG