Accessibility links

Қырғыз соты шұжықты әжуалаған шетелдікке үкім кесті


Майкл Макфит.
Майкл Макфит.

Қырғызстанның Қаракөл қалалық соты канадалық Centerra Gold компаниясына қарасты "Құмтөр" кен орны қызметкері, британиялық (бұрын австралиялық деп айтылған) Майкл Макфитті депортациялауға үкім етті. Бұл деректі Азаттыққа судья Мадамин Азимжанов растады.

Майкл Макфит 31 желтоқсанда Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында қырғыздың ұлттық тағамы - шұжықты айғырдың қасасына (жыныс мүшесіне) теңеп, ол жазбасы жергілікті қызметкерлердің наразылығын тудырған. Наразылар "Құмтөр" компаниясы басшылығының кешірім сұрауын талап еткен.

3 қаңтарда Манас әуежайында ұсталып, Қаракөлге апарылған Майкл Макфит Facebook-тегі жазбасына бола кешірім сұраған.

XS
SM
MD
LG