Accessibility links

Токио мен Сеул Пхеньянның сынағын айыптады


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (ортада) зымыран сынағын бақылап отыр. 3 қараша 2015 жыл.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (ортада) зымыран сынағын бақылап отыр. 3 қараша 2015 жыл.

Оңтүстік Корея мен Жапония бүгін Солтүстік Корея хабарлаған ядролық сынақ жайын талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Солтүстік Кореяның жарылыс жайлы мәлімдемесін айыптап, оны өз еліне төнген қауіп деп атады. Токио мен Сеул Пхеньянға бірігіп қысым көрсететінін мәлімдеді.

АҚШ Солтүстік Кореяның әрекетіне орай лайықты шаралар қабылдайтынын, ол елді ядролық мемлекет деп танымайтынын мәлімдеді.

Қытай сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның сынақ жасау жоспарынан бейхабар болғанын, мұндай істі қатаң айыптайтынын айтты.

Солтүстік Корея сутегі бомбасын ел президенті Ким Чен Ынның туған күнінен екі тәулік бұрын жасағаны хабарлаған. Ким Чен Ын өткен айда елінің сутегі бомбасын жасағанын айтқан.

Бірқатар елдер Солтүстік Кореядағы полигондарға таяу аймақта бүгін болған жер тербелістерін осы елдің ядролық сынақтарымен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG